Текст
Қазақстанда "Менің Туым! Менің Отаным!" акциясы жалғасып жатыр. Осы жолғы шара нағыз эстафетаға айналып, ауылдарға да тарап кетті. Ауыл азаматтары аттармен, көліктермен мемлекеттік Туды алып жүргендері - байрақтың қашан да биікте болатынының белгісі. «Қазақстан жастарының патриоттық рухын ояту үшін және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай басталған іс-шараға ат салысып еліміздің жастары мен қатар ауыл ақсақалдары ат салысты. Ауыл тұрғындары, тіпті, алыс жүрген азаматтар бірігіп, бір адамдай атсалысуда.