Текст
ҚазАқпарат - Мектеп жасында балалардың дене салмағы, қаңқасы және бұлшықеті қарқынды өсіп, жыныстық жетілуі мен жүйке-гормональды қайта құрылу процесі басталады, яғни жасөспірімдік өзгерістердің белгілері айқын байқала бастайды. Осыған байланысты, сондай-ақ оқыту бағдарламасының тұрақты жүктемелеріне қарай оқушылар үлкен психо-эмоциялық күйге ұшырайды. Мектеп жасындағы балалардың рационында азық – түліктің барлық негізгі топтары, әсіресе, көкөністер, жемістер мен жидектер, астық тұқымдастар (нан және нан-тоқаш өнімдері, жармалар, макарон өнімдері), ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, тағамдық майлар (өсімдік мен жануарлар майлары) және бұршақтар болуы қажет.