"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сен нашақорлық туралы білесің бе? баяндама 7-10 сынып оқушылары арасында

«Нашақорлық- зиянды әдет»

«Наркомания» деген термин гректің сөзінен шыққан, «norko»- есінен айырылып қалушылық, «mania»-құмарлық деген ұғымды білдіреді. Қазақша «нашақорлық» деп аталып жүр. Нашақорлық адамның тек іш-құрылысын ғана емес, жүрек және қан тамырлары, жүйке, асқазан мен ішек жолы, эндокрин жүйесі, бауыр т.с.с. бүкіл ағзаны зақымдайды.
Нашақорлық өсуі- бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік проблемалардың ең ауыры болып табылады. Біздің елімізде де есірткі медициналық жолмен емес, жеке адамдардың көзсіз құмарлығын қоздыру арқылы пайдалану қауіпін күннен күнге күшейтуде. Біріккен ұлттар ұйымы сарапшыларының есебі бойынша Қазақстандағы есірткі заттарды пайдаланушылар 250 мыңға жеткен. Есірткіге тәуелділердің жасы 7-ден 49-ға дейін. Есірткіге тәуелді жандардың өмір жасы күрт қысқарады. Бір жыл ішінде әрбір есірткіге тәуелді адам кем дегенде 10 кісіні өзіне тартады. Жастар ортасында есірткі пайдалану белсенді түрде сәнге айнала бастады.Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр. Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді.  Ұлыбритания,  Бельгия,  Греция,  Ирландия,  Канада,  Франция  және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай,Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.

Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет..Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.

Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.

Жаңартылған күні: 03.12.2020 13:19
Құрылған күні: 03.12.2020 13:19

Текст