"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру

Ортақ орта мектебі

2019-2020 оқу жылы

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспар бойынша өткізілген іс-шаралардың есебі

 

    Мектебімізде « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру мақсатында жылдағыдай іс-шаралар жоспарланып,  белгіленген жұмыстар атқарылып жатыр.

ІІ жартыжылдықта іске асырылған мынандай жұмыстар:

1. 24 қаңтар күні жарияланған  «Жастар-еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негігі фактры» атты Елбасымыздың Жастар жылының ашылу салтанатында  сөйлеп,  БАҚ та шыққан мақаласымен жасөспірімдер арасында таныстырылды.Қатысқан оқушылармен ауыл жастары.Бірінші меатептің жас маманы технолдогия пән мұғалімі Оразбай Алтынбек пен тәжірибе өтуші Беспаева Інкәр мақаламен таныстырды, маңызды тезистерге тоқталып өтты. Сосын дөнгелек үстелде қатысушылар тереңнен талқылады, өз ойларын, көзқарастарын білдірді.

2.«Ұлы дала әуендері»атты халық әуендер байқауы 5-10 сыныптар арасында. Байқау Ұлттық бірегейлікті сақтау бағытында жүргізілді.Әр сынып бір халық әнін шығу тарихын, авторымен, сазгерімен таныстырып, бірінші орындаушыларын айтып беріп, әнді орындап берді.Байқаудың мақсаты қазақ халқымыздың ескі, дәстүрлі халық әндерді жаңарту, жаңғурту, ол да біздің таримыз екенін оқушылардың санасына орнату.

3.«Тіл дарыны» сайысты қоғамдық-гуманитарлық мұғалімдер ұйымдастырды.  Оқушылар сайыста  үш тілде әр түрлі тапсырмалар орындады: мақал-мәтелдер. жаңылтпаштар айтты, латын әліпппимен диктант жазды, ұлы ақындардың өлендерін оқып, туған жер, Отан туралы үш тілде мағлұмат берді. Сайыс өз мақсатына жетті,оқушылардыфң жан-жақтй болуларына ықпал етті, терең ойларын қозғады.

3.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлттық тәрбие беру бағытында Наурыз мерекесі тойланды. Тәрбиелік маңызы зор мереке балаларға да, үлкендерге де рух көтеретін, туған еліне, жеріне деген махабатты оятады. Мектептің төрінде ауыл тұрғындары, ата-аналар келіп концерттік бағдарламаны тамашалады, ал 2 бөлімінде дастархан мәзірі ұйымдастырылды. Мерекелік тойымызда 2-3 салт-дәстүріміз тамашаланды, ұлттық ойындар ойналды. Ата-аналардың спонсорлық көмегімен әр сынып оқушылары жаңа жылдық сыйлықтар алды, ал мұғалімдер тарапынан концерттке қатысушыларға наурыздық сыйлықтар таратылды.

 

 

 

 

Наурыз айында даярлық топ оқушылары асық ойыны бойынша «Ханталапай» атты ұлттық ойындар сайысқа қатысты. Асық ойынын мұғалімі ұйымдастырды. Оқушылардың асық ойыны және ойынның түрлері бейнеролик пен сүреттері түсіріліп, ауданға жіберілді. Оқушылар ойынды лезде игеріп алды, сондай-ақ қызыға ойнады. Бірінші рет ұйымдастырылғасын оқушылардың аудан бойынша нәтиже болған жоқ, бірақ маңыздысы  балалар ұлттық ойынды жаңғыртты,оларға бастауыш сынып оқушылары қосылып, ойын өз жалғасын Наурыз мерекесінде тапты. Сонымен қатар 8 наурыз мерекесіне қарсы «Ортақ аруы-2019» атты байқау өокізілді.Байқау алты кезеннен өтті.Қыз балаларымыз өз өнерлерін, шеберліктерін көрсетті,сәнді киім өз қолдарымен жасап, көреремендер алдарыны салды.Сонымен бірге «Білгенге маржан» сайыста білемдерін де көрсете білді. Әділ-қазы қыздарымызға қатан талап қойды, жеңімпаз боп 10 сынып оқушысы Гайсина Аяужан атанды,келесі жылы өзінің тәжін басқа қызға беруді ойлаймыз. Осы тақырыпты жалғастыра отырып, қыздарға арнайы кеш өтті. Кешті тележобасымен ұймдастырдық.Бірінші бөлімде қонаққа үлгі алатын бірнеше қыз тәрбиелеп, өсірген ауылдың әжесі Алтыжан апа  мен мектепұлағатты ұстазы, ауылдың қызы Жибек апай келіп, өз өмірлерін айтып,қыз баланың тәрбиесіндегі ерекшеліктерін, қиыншылықтар айтып берді, көп кеңестер берді.Екінші бөлімде жас мұғалімдер қыздармен қиын тақырыптарға сырласты.Қыздарымызды дұрыс тәрбиелесек, ұлттық санылырын оятсақ, онда келешегіміз, болашақ ұрпағымызда жақсы инабатты тәрбиелі болады.

 

Сәуірдің соңғы күндерінде мектепте «Өзімнің ата-тегімді айтсам..» деген тарихи кешке дайындық өтіп жатыр. Әр сыныпта Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сынып сағаттар, жалпы барлық тәрбие жұмысы жүргізіледі.Биылғы оқу жылында ата-аналар тарапынан  да ауқымды жұмыстар өтіп жатыр, мектепке көмектерін көрсетілуде. Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы осы бағытта өтті.Ата-аналар күнделік өмірде балаларына ұлттық тәрбие беруді басты мақсатқа қою тиісті.

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Нурсеркина

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 24.01.2020 18:02
Құрылған күні: 24.01.2020 18:02

Текст