"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағымдық емтихан жұмыстары басталды

9,11-сыныбы бойынша мемлекеттік емтихан жұмыстары басталып кетті. 

9 (10) және 11 (12) сыныптарды аяқтау бойынша қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Емтихандар жайлы қысқаша:

1. Ана тілі. Эссе жазу үшін ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдайды. Эссе жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 250-300 сөзден, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 300-350 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

2. Алгебра және анализ бастамалары. Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы және физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 6 тапсырмадан тұрады.

3. Қазақстан тарихы. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.

4. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі. Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:

Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),

Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);

5. Таңдау пәндері бойынша:

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.

Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз тілдері). Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:

Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),

Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);

Информатика. Тест 17 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 5 тест тапсырмасы және тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған 2 тапсырма.

Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13:00 сағатқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығының 74-тармағы).

Жаңартылған күні: 02.06.2021 16:44
Құрылған күні: 02.06.2021 16:44

Текст