Мектеп алды жазғы «Балдырған» бастауыш сыныптарға арналған алаңы өз жұмысын 1 маусым халықаралық балалар күнімен орай ашылды. Сауықтыру алаңы 2 кезңнен тұрады. І Кезең 01 маусымнан 16 маусымс аралығында, жетекшісі Калымова Қатира Айтеновна. ІІ кезең 17 маусымнан 30 маусым аралығында Ахметова Д.С.
Мақсаты:
«Балдырған» алаңына келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:
– Алаңға балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
– Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
– Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
– Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
– Алаң жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
– Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
– Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.