"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және олардың қолжетімділігін арттыру, оның ішінде жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану негізінде, қызмет көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру елдің мемлекеттік басқару саласын дамытудың басымдығы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Әкімшілік, сыбайлас жемқорлық және өзге де кедергілерге байланысты тәуекелдерді азайту, клиентке бағдарланған тәсілді енгізу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру процесін аяқтау бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуге бастамашылық жасайды. Бұл ретте мониторингілеуге жататын қызметтер неғұрлым жаппай, проблемалық (бюрократияланған, сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған, мерзімдері бұзылған, шағымдары көп және т.б.) және әлеуметтік маңызы бар қызметтер ретінде айқындалды. Азаматтардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бағалауы азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін айқындайтын, халықтың күтуін (ожидание) қалыптастыратын, елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді қолдауды көрсететін маңызды фактор болып табылады. Осыған байланысты азаматтардың мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттануын анықтаудың әлеуметтанулық әдістері шет елдердің тәжірибесінде де, Қазақстан Республикасында да кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін бағалауға, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында инновацияларды енгізу мониторингін жүргізуге, сондай-ақ одан әрі дамыту басымдықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық мониторинг барысында көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде туындайтын жүйелі проблемалық мәселелер айқындалады. Әлеуметтік зерттеу 2024 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында жүргізілді. Зерттеу қызмет тұтынушыларының жаппай сауалнамасынан, тұтынушылармен және қызмет жеткізушілерімен тереңдетілген сұхбаттан, «Құпия сатып алушы» әдісімен бақылаудан және фокус-топтардағы пікірталастардан тұрды. 2024 жылы қоғамдық мониторингке орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін 70 мемлекеттік қызмет енгізілді. Мемлекеттік қызметтерді таңдаудың негізгі өлшемдері – оның бұқаралық сипаты, сұранысқа ие болуы, проблемалық, әлеуметтік маңыздылығы болды. Сондай-ақ 364 қызмет бойынша онлайн мониторингке талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері интеграцияланған көрсеткіштерді де, қоғамдық мониторинг және онлайн мониторинг барысында жеке анықталған бағалауларды да қамтиды. Есепте зерттеу барысында анықталған проблемалары бар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің негізгі нәтижелері, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі қорытындылар мен ұсынымдар қамтылған.

/public/files/2025/2/4/040225_125435_15e6766b836f81dff108dc2b026b5868original11651702.pdf

 

Жаңартылған күні: 04.02.2025 12:59
Құрылған күні: 04.02.2025 12:59

Текст