Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу» яғни, құймалы алтын немесе күміс дегенді білдіреді. Сол сияқты, бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдарда жамбының рөлін атқара береді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы т.б. деп аталаған. Жамбының жасалған материалына байланысты: таза ақ күмістен жасалған болса ақ жамбы, алтыннан жасалса алтын жамбы деп де атаған.
Мектебімізден республика көлемінде өтетін "Жамбы ату" сайысына 2 оқушы, дайындық үстінде. Сәттілік тілейміз.