8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.
«Абай оқулары» негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
«Абай оқулары» негізгі міндеттері Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Облыстық байқауға Зеренді ауданынан 4 оқушы қатысты.
Конкурс 6 номинация бойынша өткізілді.
1) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
2) «Абайдың қара сөздері»
3) «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»
4) «Көңілім әнді ұғады»
5) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
6) «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
Мектебімізден 8-сынып оқушысы «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Байзолла Мерей қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды.