"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай мұрасы - Қазақтың қасиетті қазынасы

09.11.2020
Абай – қазақ поэзиясының  биік шыңы, құдіретті ақыны. Абайдың жүрек шерімен жазған туындыларының  тағылымы мәңгілік  қымбат  қазына. Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ұлы десек артық айтқандық болмас. Әлем халқы бас иген дара тұлғамызды қай жағынан да әспеттесек біздің елдік, халықтық парызымыз болып саналады.

Осы жыл қазақтың бас ақынының дүние есігін ашқанына 175 жыл толып отыр. Айтулы мерекені ел болып, жұрт болып, жер-жерде атап өтудеміз. Дәстүрлі Абай оқуларымен басталған шаралар, ғылыми конференциялар мен абайтанушы ғалымдармен кездесу ұйымдастыру сияқты мән-мағынасы бар, мазмұнды дүниелерге жалғасты. Сондай іс-шараның бірі біздің мектебімізде де ұйымдастырылды. 5-сынып жетекшісі Бейсембаева Алмагүл Орынбайқызы оқушыларымен «Абай мұрасы - Қазақтың қасиетті қазынасы » атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. 

Ереже бойынша әдеби сайыс 4 бөлімнен тұрды. Әр бөлімнің өзіндік ерекшелігі бар.  Атап айтар болсақ, алғашқы бөлім «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталды. Абайдың ақындық қырын зерделеуге арналған бұл бөлімде сайыскерлерден сұрақтағы өлең шумағы Абайдың қай өлеңінен екенін анықтап, өлеңді жалғастыру талап етілді. Сабақ тартымды өткізілді. 

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст