15.02.2021
«Тіл дарыны» аудандық байқауы
«Тіл дарыны – 2021» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы 5 ақпан күні аудандық байқау қашықтықтан өткізілді.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- Үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілділікті насихаттау;
- Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбилеу; тіл мәдениетін жетілдіру.
- Оқушылардың үш тілде оқып- үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.
Байқау 9 тапсырмадан тұрады:
1. «Полиглот» - қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру;
2. «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт- дәстүрі, діні мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;
3. «Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;
4. «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпта диалог құрастыру(8-10 сөйлем);
5. «Түйіндеме» - өмірбаянын үш тілде айту (15 сөйлемге дейін);
6. «Ең үздік мәнерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген өлең жолдарынан үзінді оқу;
7. «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау;
8. «Жас ақын» - 3 тілде қызықты ертегі құрастыру;
9. «Үздік каллиграфист» - 3 тілде сөздердің әріптерін айқын, көркем, сауатты жазу;
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың толық берілуі мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі ; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескерілді.
«Тіл дарыны» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы аудандық байқауына мектебімізден 2 оқушы қатысты. Олар: 9-сынып оқушысы Амангелді Мадияр, 8-сынып оқушысы Байзолла Ерұлан. Осы оқушылардан 8-сынып оқушысы Байзолла Ерұлан І орынға ие болды. Байқаудың облыстық кезеңінде Зеренді ауданынан жүлделі орындарға ие болған оқушылар қатысады . Қатысушыларға сәттілік тілейміз!