Ақпан айында Ортақ орта мектебінің кітапханасында бастауыш сынып оқушылар арасында ішінде ертегі мазмұндау сайысы өткізілді. Жоғары сынып оқушыларының арасында "Электронды оқулықтар " тақырыбында пікір-талас өткізілді. Буккросинг көрмесі қойылып, жергілікті ақын Қайырбай Төреғожаның шығармашылығымен танысып, кітапханадағы шығармаларын алып оқыды. Буккросингтің мазмұны бойынша мектеп ішіндегі іс-шаралардың өткізілуі туралы ақпарат беру. Буккроссинг бойынша кітаптармен алмасу және мектепке кітаптар әкеліп оның мазмұнын аша білу. Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша, жылдық жоспар құрылды. "Батырлар жыры", "Ғұрыптық фольклорлық" оқулықтарымен біздің оқушылар Облыстық байқауларға қатысты. Жерлесіміз Қайырбай Төреғожа кітапханаға "Күретамыр", "Көкжиек" аттыкітаптар сыйлық ретінде табыс етті.Оқушылар бір-бірімен кітаптармен алмасып оқыды.