"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ортак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні: Қазақтың үш қыраны

12.04.2021

12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Тарих қойнауында қалған, осыдан 55 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырған-ды.
Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагаринның болғаны әрбір жанның жадына мықтап бекігені рас. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болып, сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылған еді. «Восток» кемесі 302 шақырым биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонған еді. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алып, оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевизия, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылған болатын. Осынау адамзат тарихында адам баласының алғашқы болып айға біздің жерімізден аттануы қалай мақтаныш кернесе, осы ғарыш айлағынан ұлтымыздың қырандарының да көкке самғап, айға қонуы әр қазақ үшін соншалықты мақтаныш әрі қуаныш екені даусыз. Ендеше ұлт мақтаныштары, ғарышкерлеріміздің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткеніміз жөн шығар.

мәлімет мына сайттан алынды:https://sarbaz.kz/volno/12-saeuіr-–-halyqaralyq-aviatsiya-gaene-gharyshkerler-kuenі-qazaqtyng-uesh-qyrany-161240910/

Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст