Ортақ ауылының ЖОББМ өткізілген іс-шараның есебі
Мектеп Президентіне сайлау
Елбасымыз Халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр!» - деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – мектеп Президентіне сайлау өткізлу шарасы басталып кетті. Сайлауға қатысушы үміткерлердің әрқайсысының алға қойған мақсаттары айқын, жоспарлары көп.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және зияткерлік мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты: оқушылардың мектептегі басқару құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеті бар, шешім қабілеті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Биыл мектепішілік сайлау комиссиясына 10-11 сыныптардан 8 үміткер тіркелді. Олар: Амангелді Бахтияр, Баби Шолпан, Бәкиқан Қуандық, Дюсембина Альмира, Еренғайып Ерназар, Шакенова Алина, Құрманғазы Аманжол, Толегенова Аяжан, Тоқтасина Зарина есімді көшбасшылар. Үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың дарындылығын арттыру, таланты мен креативтілігін дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен бағдарламалар дайындады.
Сайлау өте қызықты өтті. Оқушылар ерекше белсенділік танытып, өздерінің азаматтық борыштарын орындады. Сайлау өткізілгеннен кейін арнайы коммисия құрамы, сайлау жәшігін ашып дауыстарды санады. Сайлаушылардың 70,3%-ы 10 сынып оқушысы Құрманғазы Аманжолға дауыс берді. Мектептің өзін-өзі басқару кеңесінің Президенті атанды.