Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-өмір шуағы»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге , үйренуге және олардың логикалық ой-өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын,ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Құрметті ұстаздар, көктем күніндей құлпырған аяулы аналар!Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын.Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан,ананың сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар,қадірлі әжелер бүгінгі «Ана-өмір шуағы » атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Ана сен бақыттысың жыламағын,
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын,жыламағын
Бармын ғой,тірімін ғой қасыңдамын
Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын
Таусылып,өз-өзіңнен шашылмағын
Байырғы берекеңді қашырмағын
Мұғалім: Ал енді ата-аналар, орнымыздан тұрып, бала-бақша және де даярлық топ бүлдіршіндерін шапалақтап ортамызға шақырайық...
Кешімізді «Ана» әнімен бастасақ, ортамызда 2-сынып оқушысы менін шәкіртім Амангелді Асанәлі.
Даярлық топтын орындауында тақпақтар:
Мейрамбек: Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар
Гүлсезім: Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанда
Мейірімділік ананың
Болмас ешбір адамда
Құрмет: Мен үшін не керек-бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым,жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде,шын сағынып қаласың
Амангелді: Ана пана
Ана дана
Өмірге әкелетін
Ана ғана
Камшат: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Әділет: Ақ анашым,аппағым
Өзің жайлы таппағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де
Баян: Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз
Анамыздың пейілді
Жомарт жанға балаймыз
Келесі кезекті бала –бақшаға береміз ән: «Айналайын мама»
Мұғалім сұрақ-жауап: ( аналармен)
Мұғалім: Тамаша рахмет сіздерге.Келесі кезекті бала-бақша бүлдіршіні Тілек Альмира Ануарқызына беріледі.Ән «Қайда?»
Ойын «Анамның шаш үлгісі»
Шарты: Бала өзінің анасына парақшаға шаш үлгісін салады.
Мұғалім: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі адамдық қасиет.ақ тілекмейірбандықтың бәрі ана дегенсөзбен астасып жатыр.
Ойын: «Тауып алам»
Шарты: Ата –ананын көзін жабу арқылы, ана өз баласын сипап сезу арқылы тауып алу.
Би «Кукарелла» (аналармен)
Алдарыңызда Тілек Альмира және онын апасынын орындауында ән « Аққу арман» қарсалыңыздар!!!
Мұғалім: «Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы»
Келесі кезекті біздің бүлдіршіндерімізге берсек, олар өздерінің аналарына арналған сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер!
«Ана баланы тоғыз ай көтеріп,толғатып,дүниеге келтіріп қана қоймады,оны көзінің қарашығындай қорғап,аялап,өсіріп аяғына тік тұрғызады.Ана баланың амандығын бақытты,абыройлы болуын тілейді.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге анадан тарайды.Ана тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі»
Осымен « Ана-өмір шуағы» атты мерекеміз соңына жетті.Сіздерді тағыда 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Келгендеріңізге көптен-көп рахмет!!