5 қыркүйек – Қазақстанда тіл мерекесі. Бұл күннің осылай белгіленуінің бір себебі – Ұлт ұстазы, тіл күрескері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» демекші, бұл мереке баршамыз – көзі ашық, көкірек ояу кез келген жан үшін ортақ қуаныш қой. Осы мерекеге орай мектебімізде тілдер мерекесі жоспарланып, аталып өтуде.
Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.