Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 18-26 қараша күндері мектепішілік пәндік олимпиада өткізіледі.
Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізіледі:
1) қазақ тілі мен әдебиеті;
2) қазақстан тарихы;
3) орыс тілі мен әдебиеті;
4) ағылшын тілі;
5) математика;
6) физика;
7) химия;
8) биология;
9) география;
Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, аймақтық және облыстық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталады және алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.